Жаңалықтар

Астанада 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

Астанада 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты
Фото: Астана қаласы әкімдігі 17.02.2024 20:11 550

Түнде коммуналдық қызмет мамандары елордадан сегіз мың текше метрден астам қар шығарды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елорданың коммуналдық қызметі ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

17 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

16 ақпаннан 17 ақпанға қараған түнде қаладан сегіз мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 600-ден астам рейс жасалды.

Қыс басынан бері елордадан 344,5 мың рейс 4,7 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға