Жаңалықтар

Астанада 186 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Астанада 186 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 09.06.2023 20:12 742

Елордада балалардың бос уақытын белсенді және сапалы қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, жазғы сауықтыру лагерьлерімен және алаңдармен қамтуды арттыру мақсатында бірқатар шара қабылдануда. Бұл жұмыс туралы онлайн-брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтып берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жазғы кезеңде балалардың шамамен 98%-ын қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл – 1-ден 10-сыныпқа дейінгі 186 мыңнан астам бала, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және жетім балалар шамамен 10 мыңды құрайды.

Қаланың білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагері, оның ішінде 85 мектеп жанындағы лагерь, 68 бейіндік лагерь, 2 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейтін болады. Балалардың жазғы демалысы екі бағытта ұйымдастырылады: сауықтыру және бос уақытын тиімді пайдалану, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Бірінші бағыт бойынша «Арман» және «Боровичок» лагерлері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, қалада экскурсиялық демалыс лагерьлері жұмыс істейді.

Демалыс лагерлерінде, экскурсияларда және туристік сапарларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды: барлық білім беру нысандарында бейнебақылау, дабыл кнопкалары орнатылды, ТЖД, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп оқыту жүргізілді, - деп толықтырды басқарма басшысы.

Қорытындылай келе, ол ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға