Жаңалықтар

Астанада 1600-ден астам жол жұмысшы жолдар мен тротуарлардың мұзын тазартады

Астанада 1600-ден астам жол жұмысшы жолдар мен тротуарлардың мұзын тазартады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 05.12.2023 17:04 512

Астанада ауа райының құбылуы, әсіресе екпінді жел соғып, көктайғақ орнап тұр. Таңертеңнен бері 1600-ден астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. орындарда құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүргізілуде.

Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 5 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға