Жаңалықтар

Астанада 150-ге жуық жұмысшы көшелерді қардан тазартып жатыр

Астанада 150-ге жуық жұмысшы көшелерді қардан тазартып жатыр
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 09.03.2024 21:43 448

Бүгін Астанада жаңбыр аралас қар жауды. Түнгі ауысымға көшелерді қардан тазартуға коммуналдық қызмет 700-ден астам арнайы техника мен 150-ге жуық жол жұмысшысын жұмылдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қыс басынан бастап 6 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 447 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астанада 10 наурызда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік - батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4 суық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға