Жаңалықтар

Астанада 15 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

Астанада 15 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды
Фото: novostroy.ru 15.03.2023 10:20 592

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада аудандық әкімдіктер мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төгу фактісін анықтау бойынша мониторинг жүргізіп жатыр.

Түрлі кәсіпорындар мен тұрғындардың өздері де құрылыс қалдығын қала шетіне шығарып, рұқсат етілмеген орындарға төгеді. Бұл қала экологиясының нашарлауына әсер етіп қана қоймай, тұрғындардның өмір сүруіне қолайсыз жағдай туғызады. Биыл жалпы пайдалану орындарын ластағаны және абаттандыру ережесін бұзғаны үшін заң бұзушыларға 50 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Оның ішінде 15 құрылыс компаниясы бар.

Әкімдік табиғатты қорғау полициясымен, Астана қаласының экология департаментімен, «іKomek 109» бірыңғай байланыс орталығымен бірлесе отырып, қалалық «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы қоқысты шығару мен пайдаға жарату ісін бақылауды күшейтті.

Құрылыс қалдықтарын басқару инфрақұрылымын құру және стихиялық полигондарды азайту мақсатында әкімдік құрылыс қалдықтарын төгу және қайта өңдеу үшін арнайы «Северная гряда» алаңын салып, іске қосты.

Алаңда құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған қуаты жылына 196 000 м3 ұсақтау кешені орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға