Жаңалықтар

Астанада 1 желтоқсанда қарлы боран мен көктайғақ күтіледі

Астанада 1 желтоқсанда қарлы боран мен көктайғақ күтіледі
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 30.11.2023 19:03 545

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 желтоқсанда Астанада боран, көктайғақ және қатты жел болады деген болжам жасады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсанда Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Елордалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға