Жаңалықтар

«Астана Жастар» командасы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

«Астана Жастар» командасы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды
Фото: Жеке мұрағат 08.12.2023 16:20 732

Павлодарда 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен жарыста «Астана Жастар» командасы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кереку өңірінде ұйымдастырылған баскетболдан 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен турнир өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 7 команда қатысты.

Ақтық кезеңде трофей үшін бақ сынасқан «Aqtobe Фарм» - «Астана Жастар» командалары арасындағы бәсеке, елордалық ұжымның пайдасына 52-64 есебімен аяқталды.

«Астана Жастар» командасы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды
Жеке мұрағат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға