Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды EL.kz. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Наурызәлі а.ж. 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді.
Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.
А. Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.
Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді