Жаңалықтар

Астана тұрғын үй кешенінде есірткі жасырып жүргендер көзге түсті

Астана тұрғын үй кешенінде есірткі жасырып жүргендер көзге түсті
Фото: Коллаж El.kz 23.02.2024 10:32 1591

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде есірткі жасырып жүргендер видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Времена года. Весна-2» тұрғын үй кешенінің 14-қабатында біреулер есірткі сақтайтын қойма ұйымдастырып алғаны жөнінде Tengrinews.kz-ке хабарлама келген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Астана Полиция департаменті  күдіктілер іздесітріліп жатқанын айтты.

Елордалық полицейлер «Времена Года» тұрғын үй кешені тұрғындарының арызы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға