Жаңалықтар

Астана-Шымкент бағытындағы Тальго пойызы бір күнге тоқтайды

Орнына стандартты вагоннан тұратын бірреттік пойыз жолға шығады
Астана-Шымкент бағытындағы Тальго пойызы бір күнге тоқтайды
Фото: advantour.com 08.12.2022 07:38 1212

Астана-Шымкент қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруі 1 рейске тоқтайды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Астана-Шымкент қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 желтоқсан күні Астанадан, 9 желтоқсан күні Шымкенттен шығатын пойыз жүрмейді.

Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы жолға шығады. Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады, - деп жазды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға