Жаңалықтар

Астана рәміздер күніне орай кешенді іс-шаралар өтеді

Астана рәміздер күніне орай кешенді іс-шаралар өтеді
03.06.2023 10:49 987

Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, ддеп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған телемарафон  Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыруға бағытталып отыр. Сондай-ақ, бағдарламалық іс-шаралар мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында тікелей эфирінде көрсетіледі. 

Олардың ішінде ақпараттық роликтер, мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат, патриоттық іс-шаралар секілді кешенді жобалар бар, - деп жазылған Астана әкімдігі таратқан мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға