Жаңалықтар

Астана қаласының әкімі тағайындалды

Астана қаласының әкімі тағайындалды
Фото: t.me/KZgovernment 08.12.2022 16:38 1561

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі  тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын" делінген  Президент қол қойған Жарлықта.

Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, 2001 жылы Л. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.

1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды.

ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болды.

2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған. Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 25 ақпанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.

2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға