Жаңалықтар

Астана полициясы интернет-алаяқтықпен қалай күресіп жатқандарын айтты

Астана полициясы интернет-алаяқтықпен қалай күресіп жатқандарын айтты
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 27.09.2023 21:15 396

Биыл Астана аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын 3 600-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дастан Қалиев алаяқтардың құрбаны кімдер екенін және олармен қалай күресетінін айтты.

Тәжірибе көрсеткендей, зардап шеккендердің барлығы бірдей құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Түрлі жастағы адамдар алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Дегенмен ең осал санаттар бар:

1) егде жастағы адамдар: олар көбінесе жаңа технологиялармен таныс емес және тиісті деңгейде сақтанбайды;
2) жеңіл ақша іздейтін адамдар: тәжірибеге сүйенсек, көптеген азамат өз жинақтарын қысқа мерзімде тез көбейтемін деп қауіпке тап болады.

Елордалық полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп тұрақты негізде интернет-алаяқтықты азайтуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Оның ішінде орта және жоғары білім беру мекемелері мектептерінің оқушыларымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлерімен «алаяқтардың айла-амалдарына түспеу және өз жинақтарын қалай үнемдеуге болады» тақырыбында дәрістер өткізіледі, – деді спикер.

Бұдан басқа, қала тұрғындары көпшілік жиналған орындарда еріктілермен бірге өтіп бара жатқан адамдарға ақпараттық-профилактикалық буклеттер таратылады, көшелерде трафареттерді пайдалана отырып ескерту жазулары жазылады, СОО-да және базарларда аудио және видео роликтер таратылады.

Интернеттегі алаяқтық туралы хабардар болу көптеген қылмыстық шабуылдардың алдын алуға және өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғауға көмектеседі, – деп атап өтті Дастан Қалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға