Жаңалықтар

«Астана Опера» театрының әртісі Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиадада лауреат атанды

«Астана Опера» театрының әртісі Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиадада лауреат атанды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 27.01.2024 07:31 557

«Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиаданың «Хореография» номинациясында I дәрежелі лауреаты атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Арт-олимпиадаға отбасылық фольклорлық ұжымдар мен түрлі жастағы нақты орындаушылар қатысты. Олар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, ал «Театр өнері» номинациясында ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір-бір нөмірден ұсынды.

Арт-олимпиаданың ұйымдастырушысы Кремль сарайы сахнасындағы гастроль аясында менің Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі өнер көрсетуімді көріп, байқауға қатысуға ұсыныс білдірді.  Байқауға арналған нөмір А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-дені дайындадым. Еңбегімнің халықаралық деңгейде бағаланғанына қуандым, мұндай құрмет әрбір әртісті шабыттандырады, - деді Қуат Кәрібаев.

"Одиссея-Arts" көпжанрлы арт-олимпиадасы "Білім, мәдениет және өнердің көпұлтты қоғамды дамыту факторы ретіндегі интеграциясы" халықаралық ашық форумы аясында өнердің әр түрін орындаушыларды, сондай-ақ түрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға