Жаңалықтар

Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды

Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 26.09.2023 09:03 280

Астанада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе австриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.

Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген Нидерланд өкілі Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

Өткен жылы Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын, - деді Иржи Лехечка.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға