2026 жылдың 27 сәуірінде Қытайдың Уху қаласында OMODA және JAECOO компаниясының Қазақстандағы дистрибуция директоры Александр Абрамов, OMODA және JAECOO аймақтық директоры Чэнь Лэй дистрибуторлық келісімге қол қойды. Осылайша Astana Motors Қазақстан аумағында OMODA және JAECOO автокөлік брендтерінің ресми өкілі болу құқығын алды.
Сондай-ақ, қол қою рәсіміне OMODA және JAECOO бизнес бөлімшесінің президенті Сюэ Цинсун, Chery International вице-президенті Цинь Чао, OMODA және JAECOO бизнес бөлімшесінің өкілі Ли Тунг, Astana Motors басқарма мүшесі Кит Мэттью Симмонс қатысты.
«Қазақстан – Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктесі, ал Astana Motors – ұзақ мерзімді табысты тарихы бар ірі нарық ойыншысы. Біз серіктестігімізді нығайтудың мүмкіндіктерін көріп отырмыз, осы ретте Astana Motors компаниясына OMODA және JAECOO брендтерін басқаруға сеніммен тапсырамыз. Біз дистрибуторлық командаға табыс пен ең ауқымды мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз», – деді OMODA және JAECOO аймақтық директоры Чэнь Лэй.
Серіктестер ретінде Astana Motors компаниясының басқаруына брендтің ресми дилерлері де өтеді. Бүгінде – Қазақстанның 13 қаласында 15 дилерлік орталық бар. Болашақта дилерлік желі кеңейеді.
«OMODA және JAECOO Қазақстан нарығына 2023 жылы келді. Бізге осы брендтерді қайта жандандырып, Astana Motors портфеліндегі орталықтандырылған дистрибуторлық модельге көшіру сеніммен тапсырылды. Бұл біз үшін құрмет және үлкен жауапкершілік. із өз клиенттерімізге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алдық», - деді Қазақстандағы OMODA және JAECOO директоры Александр Абрамов.
Әлемдік нарықта OMODA мен JAECOO дизайн, озық технологиялар және клиенттерге жайлы болу арқылы өз аудиториясын кеңейтіп келеді.
OMODA мен JAECOO-ның халықаралық деңгейде мойындалып, 25-тен астам салалық марапатқа ие болды. Олардың арасында британдық «Жыл бренді-2025», «Жыл автокөлігі-2025» және «Ең үздік отбасы көлігі-2025» марапаты бар. Сонымен қатар, JAECOO J5 EV Тайландта «Жыл көлігі», JAECOO J7 Сауд Арабиясында «Ең үздік премиум SUV» және 2025 жылы OMODA 5 «Чилидегі ең көп ұсынылған көлік» атанды.
2026 жылдың наурыз айында JAECOO 7 Ұлыбританияда Ford Puma мен Nissan Qashqai көліктерін басып озып, ең көп сатылатын модельдер қатарына кірді. Бұл - қытайлық модельдің Ұлыбритания нарығында сатылым бойынша бірінші орын алған алғашқы жағдай.
OMODA және JAECOO – Chery Automobile (ҚХР) автокөлік алпауытының экспорттық бөлімшесі. Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Astana Motors Chery брендінің дистрибуторы атанып, 2025 жылдан бері Chery автокөліктерін Алматы Индустриалды аймағындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндіре бастады.
2026 жылдың үшінші тоқсанында Astana Motors мультибренді зауытта OMODA жәнен JAECOO көліктерінің өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде кәсіпорын SUV-B сегментінен JAECOO J5 шағын кроссоверлердің өндірісін іске қосады. Сонымен қатар, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan SUV-C сегментінен JAECOO J7 PHEV қосылмалы гибрид қозғалтқышты орташа өлшемді кроссоверлер шығаруды жолға қояды. PHEV технологиясы бензин және электр қозғалтқышын біріктіреді, жанармай және газ шығарындарын азайтады, сондай-ақ қысқа қашықтықта толығымен электр режимде жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Astana Motors бензин қозғалтқышы негізінде OMODA C5 және OMODA C7 модельдерін локализациялау мүмкіндігін қарастыруда.
Қазақстанда OMODA және JAECOO брендтері ұзақ мерзімді дамуға ден қойып, модельдерді жергілікті нарыққа бейімдеуге, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, сервисті жетілдіруді көздеп отыр.
Қазақстанда өндірілетін модельдік қатарлар нарық қажеттіліктері мен локализация стратегиясын ескере отырып, біртіндеп кеңейтіліп, толығатын болады.
Қазақстанда OMODA және JAECOO брендтері ұзақ мерзімді дамуға ден қойып, модельдерді жергілікті нарыққа бейімдеуге, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктеріне қарай сервисті жетілдіруді көздеп отыр.
Брендтер туралы толық ақпаратты кез келген уақытта Astana Motors байланыс орталығының 7007 телефоны арқылы білуге болады.