Жаңалықтар

Астана мен Ақмола облысында неге интернет болмағаны белгілі болды

Астанада интернет істен шықты
Астана мен Ақмола облысында неге интернет болмағаны белгілі болды
Фото: mmoedge 26.11.2022 22:32 1010

26 қараша кешкі уақытта Астана тұрғындары кейбір интернет сервистерді пайдалана алмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мемлекеттік техникалық қызмет сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласы мен Ақмола облысының телекоммуникациялық жабдықтарда ақаулар тіркелді. Резервтік қуат көздеріне ауысу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Электр желісінің істен шығуы жүйелердің жұмыс қабілеттілігіне әсер еткен жоқ, алайда Астана қаласы мен Ақмола облысында Интернет желісінің жұмысында ақаулар болды. Осыған байланысты құрылғылар резервтегі қуат көздеріне ауыстырылды. Электр жүйесіндегі кідіріс жүйенің жұмысына әсер еткен жоқ, алайда Астана қаласы мен Ақмола облысында интернет болмады.

Beeline ұялы байланыс операторының мәліметінше, қазіргі таңда барлық құрылғылар қалыпты жұмыс істеуде. Егер ақаулар сақталса, жеке хабарлама жіберуін сұрайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға