Жаңалықтар

Астана мен Анталия арасында жаңа әуе рейсі іске қосылды

Астана мен Анталия арасында жаңа әуе рейсі іске қосылды
Фото: Anex Tour Kazakhstan 04.06.2023 16:53 718

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнінде Қазақстан мен Түркия арасында жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

4 маусымда Астана қаласынан Анталияға Mavi Gök Aviation (MGA) әуекомпаниясының алғашқы рейсі өтті. Тікелей рейс Boeing 737-800 бортында жүргізіліп, ұшу 5,5 сағатқа созылған.

Түрік әуекомпаниясының әуе кемесін дәстүр бойынша Астанада қарсы алды. Бұл ретте тікелей рейстер Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері ұшпақ.

Іс-шара шын мәнінде бірегей - Қазақстан мен Түркия арасындағы MGA әуекомпаниясының алғашқы рейсі бірден екі ел үшін туристік саладағы тарихтың жаңа тарауын ашады», - деп атап өтті Anex Tour Kazakhstan бас директоры Рашад Бунядов.

Boeing 737-800 борты 189 орынға арналған. Жолаушылар саны көп болған жағдайда, ұшақ 2022 жылдың маусым айынан бастап 300-ден астам жолаушылар орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстырылуы да мүмкін. Mavi Gök Aviation ("Көк аспан") - 2022 жылдың сәуір айында Анталия әуежайы негізінде құрылған түрік әуекомпаниясы.

Бүгінгі таңда маршруттық желіде бүкіл әлем бойынша ондаған бағыттарды орындайды. Басым бағыттардың қатарына Еуропа, соның ішінде Аустрия, Германия және Мажарстан, сондай-ақ Доминикана, Мексика және Тайланд елдері енген. 

Әуе паркі Boeing 737-900ER (3x428), үш Boeing 737-800 (189 орындық сыйымдылығы бар 3 лайнер) және кең фюзеляжды Boeing 777-300ER ұшақтарымен ұсынылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға