Жаңалықтар

Астана мектептерінде қорытынды емтихандар қашан өтеді

Астана мектептерінде қорытынды емтихандар қашан өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 23.05.2023 12:52 502

Биыл қала мектептерінде оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар қандай күндерге белгіленді, онлайн-брифингте Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев мәлім етті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы оқу жылында 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 оқушы аяқтайды.

9 (10) сынып оқушыларының қорытынды қорытынды емтихандары осы жылдың 2-13 маусымы аралығында өтеді.
Олар әр түрлі күндерде төрт пән бойынша өткізіледі.

2 маусымда эссе түрінде қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан тапсырылады;
6 маусым – математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан;
9 маусым – Қазақ тілі мен әдебиетінен орыс тілінде оқытатын сыныптарда, орыс тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын сыныптарда жазбаша емтихан;
13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика).

11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік қорытынды емтихандар 5-19 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді:
"Қазақ тілі", "Орыс тілі" пәндері бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;
"алгебра және талдау" пәні бойынша жазбаша емтихан - 8 маусым;
"Қазақстан тарихы" пәні бойынша ауызша емтихан - 12 маусым, билеттер бойынша;
орыс тілінде оқытатын мектептерде "қазақ тілі мен әдебиеті", қазақ тілінде оқытатын мектептерде "орыс тілі мен әдебиеті" пәндері бойынша жазбаша емтихан - 15 маусым.
таңдау бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) - 19 маусым.

11-сыныптың емтихан материалдары әрбір білім беру ұйымына электронды форматта емтихан өткізілетін күні сағат 7.00-де Бірінші басшының электрондық поштасына жіберілетін болады, - деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға