Жаңалықтар

Астана медицина ұйымдарына 12,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінді

Астана медицина ұйымдарына 12,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінді
Фото: © El.kz 26.11.2023 21:22 427

МӘМС және ТМККК бойынша медициналық қызметтерге 2022 жылы 240 765,4 млрд теңге, ал биыл 269 343,3 млрд теңге бөлінді, яғни қаржыландыру көлемі 10,6%-ға артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия тағы да басқа профильдер бойынша жүздеген құны қымбат операциялар жасалып жатыр. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион тұрады.

Астана қаласының медицина ұйымдарына 12,2 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді, оның ішінде: ТМККК аясында - 4,5 млрд теңге; МӘМС жүйесінде - 7,7 млрд теңгеге жеткен.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директоры  Ербол Бекмұхамбетов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Филиал басшысының айтуынша, қосымша қаржы қаражаты кардио-, нейрохирургия, ЭКО, трансплантология, медициналық оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек, және басқа да жоғары технологиялық медициналық қызметтер мәселелерін шешуге бағытталған.

Жыл басынан бері шығыстардың басым бөлігі – 65,5 млрд теңгеден астам қаражат стационарлық медициналық көмекке ақы төлеуге жұмсалды, ал 6,7 млрд теңгеге жуық сома күндізгі стационар қызметтерін төлеуге бағытталды.  

Бүгінгі таңда тізе және жамбас буындарын ауыстыру операциялары тұрғын халық арасында үлкен сұранысқа ие. Мысалы, 2023 жылдың басынан баста тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша Астана дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына осындай операциялар жасады.

2023 жылдың басынан бастап Астана қаласында МӘМС есебінен 23,3 млрд теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша 14 315 ота жасалды. Оның ішінде ТМККК аясында 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 8 171 ота және МӘМС жүйесінде 19,8 млрд. теңгеден астам сомаға 6 144 ота жасалды.

Консультативтік-диагностикалық қызмет көрсеткені үшін елорда медицина ұйымдарына 19,1 млрд. теңгеге жуық қаржы төленді. Егер 2019 жылы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін Астана қаласы бойынша 1 364 513 қызмет көрсетілсе, 2023 жылдың 9 айында – 7 901 462 консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетілді.

Олардың ішінде КТ және МРТ түсіру қызметтері сұранысқа ие күйінде қалып отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде Астана қаласы бойынша 24,9 млн теңге сомасына 965-тен астам КТ және МРТ қызметтері, 2 958,5 млн теңгеден астам сомаға позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) қызметтері көрсетілді.

ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге Қормен шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Қызмет жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен бөліп көрсетілген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақыланады.

ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор медициналық қызмет жеткізушілеріне ақы төленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға