Жаңалықтар

«Astana Media Week – 2022» апталығы жалғасып жатыр

Мамандар дағдарыс коммуникациясын талқылады
«Astana Media Week – 2022» апталығы жалғасып жатыр
Фото: El.kz 27.10.2022 10:32 1693

Astana Media Week - 2022 медиа апталығының аясында "Дағдарыс коммуникациясы және сенімді арттыру" атты панельдік сессиясында өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды El.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жылдыз Айгерчинова, Қазақстан Республикасы Президентінің Атқарушы директорының кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің баспасөз және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Эльнара Байназарова крезистік коммуникация кезінде PR саласындағы мамандардың этикасы, жауапкершілігі, кәсібилігі туралы дискуцияға куә болдық.

Спикерлер аудиториямен байланысты арттырып, дағдарыс кезінде жылдам әрекету, қандай да бір ақпаратты жарияламас бұрын жан-жақты зерттеу, дағдарыс белгілерін тану, дағдарыс кезінде шынайы, адал болудың маңызын айтты.

БАҚ-тың еркіндігі, медиасауаттылық, PR мамандардың қоғаммен белсенді байланыс орнату сынды тақырыптар да назардан тыс қалмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға