Жаңалықтар

Астана күнінде дрондар ерекше шоу көрсетті

Астана күнінде дрондар ерекше шоу көрсетті
Фото: instagram.com/sxodim.astana 07.07.2023 17:51 1590

Астананың 25 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын-соңды болмаған шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, «Қазақ елі» алаңында өткен дрондар шоуы елорда аспанын ерекше күйге бөлеген.

Астана күнінде дрондар ерекше шоу көрсетті
instagram.com/sxodim.astana

Елорда көгіне көтерілетін дрондар түрлі-түске боялған бейнелерді сомдап, түнгі аспанды жарқ-жұрқ еткен қойылыммен көмкерді. Сондай-ақ дрондар жарық иллюминаторы арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетті. Бұл мерекелік шоу маған қатты ұнады, - дейді қала тұрғыны Абай Қадыр.

Дрондар түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандарын көрсете алды. Ал мерекелік бағдарламаға 500 дрон бекітілген. 

Астана күнінде дрондар ерекше шоу көрсетті
instagram.com/sxodim.astana

Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылды. 25 000-нан астам адам Оpen Аir мерекелік концертіне және Қазақ елі монументінің жанындағы дрондар шоуына қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от видеограф | фотограф (@erbol_tenelbaev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға