Жаңалықтар

Астана көшелеріне 100 жаңа автобус шығады

Астана көшелеріне 100 жаңа автобус шығады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 20.06.2024 18:27 324

25 маусымнан бастап Астана көшелеріне брендтелген 100 жаңа автобус шығады. Олардың сәнді дизайны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы әзірленген. Онда Қазақстанның мәдениеті бейнеленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автобустардан ерекше жаңашылдықты байқауға болады. Заманауи әрі эстетикалық жағынан безендірілген автобустарда жайлылықты қамтамасыз ететін күшейтілген жарықтандыру және ауа баптау жүйесі бар.

Жолаушыларды ақпараттандыру әрі көңіл көтеру үшін инновациялық мультимедиялық жүйелер қарастырылған.

Мамандардың сөзінше, бұл автобустар көлік жүйесін безендіріп қана қоймай, сонымен қатар қаланың прогресс пен технологиялық инновацияларға деген ұмтылысын білдіретін «ерекшелік» болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға