Жаңалықтар

«Астана көктемі шақырады» форумы

«Астана көктемі шақырады» форумы
06.03.2018 12:21 1799

6 наурыз күні Достық үйінде облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер Күніне арналған «Астана көктемі шақырады» атты форумы өтті.

Форумға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшы топ, жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, этномәдени бірлестіктер, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», әншілер және БАҚ өкілдері қатысты.

8 наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік шарада, алғашқы құттықтау сөзді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы сөйледі. Өз сөзінде, Ассамблея жұмысына белсене араласып жүрген әйел азаматтарға алғыс айтып, баянды ғұмыр тіледі. Келесі құттықтау сөзді облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Бойсаев Адам Имранович, «Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығының» директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Гаитова Светлана Зунуновналар сөйледі.

Форум концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға