Жаңалықтар

Astana Half Marathon: 16 маусым күні қай көшелер жабылады

Astana Half Marathon: 16 маусым күні қай көшелер жабылады
Фото: Астана әкімдігі 12.06.2024 19:52 401

16 маусымында Astana Half Marathon үшінші рет өткізіледі. Биыл әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 қатысушы сөреге шығатын болады. Astana Half Marathon ұйымдастырушылары елорда тұрғындары мен қонақтарын 16 маусым күні жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабылатыны жайлы хабардар етеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қозғалыс кезең-кезеңімен ашылатынын және таңғы 10-ға дейін толық қалпына келеді.

Жарыс бағыты EXPO-дан басталып, қаланың көрікті жерлері арқылы Астананың жүрегі – «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы, «Тәуелсіздік» сарайы, Ботаникалық бақ, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, Әбу-Даби Плаза және Ұлттық музей арқылы өтеді.

Түркістан көшесі 28/4 көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 16 маусым күні сағат 06:30-дан 07:30-ға дейін, Сығанақ көшесі Түркістан көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін, Ж.Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін жабық болады. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі қозғалыс 07:20-дан 08:00-ге дейін, Түркістан көшесі Сығанақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі жолда қозғалыс 06:35-тен 08:45-ке дейін, Қонаев көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін, Қонаев көшесі «Хан Шатыр» СО аумағының айналасы 07:35-тен 09:05-ке дейін, Достық көшесі Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі қозғалыс 07:45-тен 09:15-ке дейін жабылады.

«EXPO» ХКО айналасында Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін Ақмешіт көшесі бойынша қозғалыс 07:05-тен 10:00-ге дейін жабылатын болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың жүгіріп өту уақытын ескере отырып енгізілді.

«EXPO» ХКО-ға автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыт:
1) Тұрар Рысқұлов көшесімен;
2) Мәңгілік Ел көшесі арқылы Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;
3) Қабанбай батыр даңғылымен «MEGA Silk Way» СО.

Жолдарда кептеліс болып кету мүмкіндігіне байланысты қатысушыларға сөре орнына Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен («EXPO» ХКО) жету ұсынылады. Жолдардың жабық болуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2GIS қосымшасында ойластырып алуға болады. Сіздердің назарларыңызға сөрелік қалашық («EXPO» ХКО) маңында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назар аударамыз, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 29 қыркүйегінде (жексенбі) Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтеді. Әлемнің 50-ден астам елінен келген спортшылар жыл сайын қаланың ең маңызды, көрікті жерлерімен жүгіреді.

Алматыдағы марафон – бұл жай ғана спорт емес, адамдарға көмек көрсету. Almaty Marathon ұйымдастырушылары жыл сайын сөрелік жарналардан түскен ақшаның бір бөлігін мұқтаж жандарға және спорттық инфрақұрылымға жұмсайды. 2024 жылы Алматыда марафон 13-рет өтеді. Іс-шараға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында ашық.

Сөре уақыты:
06:35 – 10 км қашықтықтығы мен скандинавиялық жүріс сөресі.

07:00 – 21,1 км қашықтықтығының сөресі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға