Жаңалықтар

Астана Гранд Слэмінде Қазақстан қоржынына тағы 3 қола жүлде түсті

Астана Гранд Слэмінде Қазақстан қоржынына тағы 3 қола жүлде түсті
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 18.06.2023 18:34 485
Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 3 дзюдошымыз қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ерлер арасында -100 келіде Ислам Бозбаев тағы бір отандасымыз Бекарыс Садуақаспен күрескен болатын. Тартысты белдесуде Ислам иппон ұпайымен жеңіске жетіп, қола еншіледі. 
 
Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова да Астана турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші кездесуде Ақерке Рамазанова бар болғаны бір минуттың ішінде сәтті әдіс қолданып, иппон ұпайымен жеңіп шықты.
 
Оның кіші финалдағы қарсыласы Гран При чемпионы Карен Стивенсон (Нидерланды) болды. Бұл отандасымыздың IJF жарыстарындағы алғашқы жүлдесі. Спортшының жарақаттан айығып, ересектер қатарында күресіп жүргеніне бар болғаны төрт ай болды.
 
Сонымен бірге аса ауыр салмақта тараздық Ғалымжан Қырықбай қола жүлде үшін грузин балуанын жеңіп, Астана Гранд Слэмін түйіндеді. 
 
Бұған дейінгі сындарда Қазақстанда дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген болатын. Аталған сында отандық татами шеберлері жалпы саны 7 жүлде иеленіп отыр. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға