Жаңалықтар

«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі болған
«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды
Фото: Астана ФК 01.12.2022 15:14 828

Игорь Павлюк «Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған.

2005 жылға дейін «Химик» (Степногор), «Астана» (Астана), «Жеңіс» (Астана), «Ақмола» (Степногор), «Екібастұздық-БК» (Екібастұз), «Есіл» (Көкшетау) «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларында өнер көрсеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға