Жаңалықтар

«Астана – бейбітшілік бесігі» фестивалі

«Астана – бейбітшілік бесігі» фестивалі
16.04.2018 12:53 1801

Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», облыстық «Полония» поляк қоғамының ұйымдастыруымен Астана күні аясында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты фестиваль өтті.

Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық және қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің төрағалары, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаев пен Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова құттықтау сөзімен басталды.

Мерекелік шара аясында концерттік бағдалама, құттықтау сөздер мен марапаттау рәсімі өтті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға