Жаңалықтар

Астана-Батуми бағытындағы рейстер саны артады

Астана-Батуми бағытындағы рейстер саны артады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 09.02.2024 01:34 396

SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Кейін рейстер саны тағы ұлғаймақ.

Ал биыл шілде айынан бастап рейстердің жиілігі аптасына 3 ретке дейін артады деп күтілуде. Яғни жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбі күндері де Астана – Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады, - делінген мәліметте.

Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға