Жаңалықтар

«Астана Балет» сахнасында романтизм туралы шығармалар орындалады

«Астана Балет» сахнасында романтизм туралы шығармалар орындалады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 18.01.2024 04:33 500

20-қаңтарда «Астана Балет» сахнасында маэстро Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрдің «Романтизм кемеңгері» атты концерті өтеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 

Бағдарлама аясында әйгілі виолончель концерті мен Үшінші «Рейн» симфониясы орындалады. Шуманның әйгілі виолончель концертін орындаушының шеберлігі мінсіз, аспапты «сөйлете алар» қасиеті мен жалынды жүрегі болуы шарт. Осы қасиеттің бәрі – осы кеште солист ретінде өнер көрсететін, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаевтың өн бойынан табылады.

Бұл бағдарламада біз ұлы композитор Роберт Шуманның музыка саласындағы кемеңгерлігін ғана емес, сонымен бірге, оның композитор, пианист, жазушы, сыншы ретіндегі адами болмыс-бітімін ретіндегі қадір-қасиетін ашуға тырысамыз. Композитордың өмірі мен шығармашылығы қызықты деректерге толы, ол адамзаттың қалыптасуындағы қызық заманда өмір сүрді, оны – қайта өрлеу дәуірінің өкілі деуге болады, - деп атап өтті дирижер Элмар Бөрібаев.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға