Жаңалықтар

Астана әуежайында отыздан аса рейс кейінге шегерілді

Астана әуежайында отыздан аса рейс кейінге шегерілді
Фото: © Pixabay.com 30.12.2023 09:29 581

Астана әуежайында отыздан аса рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда әуежайынан ұшатын 12 рейс және әуежайға ұшып келуге тиіс 19 рейс кешігіп жатыр.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі рейстердің кешігуі жолаушылар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебімен түсіндірді.

Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға