Жаңалықтар

​​Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды

​​Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды
Фото: nn-airport.kz 22.03.2023 14:31 586

Елордалық әуежай қызметкерлері ұшып келген және ұшатын жолаушыларды бауырсақтармен қарсы алып, шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

​​Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында мерекеге орай музыкалық композициялар орындалып, әуе айлағының қызметкерлері бауырсақ таратып, ішкі және халықаралық ұшу терминалдарында киіз үйлер орнатылды.

«Көктем мерекесі — жаңарудың, жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктердің символы. Ол махаббат пен достықтың салтанатына арналған. Наурыз — ескі жылда барлық жағымсыз нәрселер қалатынын, ал көктемде барлық жарқын және қуанышты нәрселер қайта туылатынын еске салады. Қонақтар үшін музыка ойналды, бір сағат ішінде 50 келіден астам бауырсақтар таратылды»,  делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға