Жаңалықтар

Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.07.2023 02:32 502

Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағын жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал, - деп ескертеді әуежай әкімшілігі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға