Жаңалықтар

Астана әуежайы Дубайға қатынайтын әуе рейстері тоқтатылғанын мәлімдеді

Астана әуежайы Дубайға қатынайтын әуе рейстері тоқтатылғанын мәлімдеді
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 17.04.2024 18:35 265

16 сәуірде БАӘ-де толассыз жауын-шашын салдарынан Дубайда көшелерді, үйлер мен ғимараттарды су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан қалды қатты жел тұрып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Астана халықаралық әуежайы да Дубайға қатынайтын әуе рейстері кейінге шегерілгенін және тоқтатылғанын мәлімдеді.

Астана әуежайы Fly Dubai және Air Astana авиакомпанияларының рейстер кестесіндегі соңғы өзгерістері туралы хабарлайды. Fly Dubai авиакомпаниясының бүгінге жоспарланған FZ1303 және FZ1307 рейстері, сондай-ақ ұшуға жоспарланған FZ1304 және FZ1308 рейстері тоқтатылды. Сонымен қатар Air Astana авиакомпаниясының Дубай – Астана бағытындағы кешіктірілген кешегі KC2060 рейсі бүгін күтілуде, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар таңертең сағат 07:25-те Астана – Дубай бағыты бойынша KC205 рейсі жүзеге асырылды. Аталмыш рейс Астана қаласына түнгі уақытта ұшып келеді.

Жолаушылар рейстері туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға