Жаңалықтар

Астана-Ақтау бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

Астана-Ақтау бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды
Фото: © Pixabay.com 09.05.2023 16:17 1607

Астана-Ақтау бағытындағы әуе рейсін орындаған Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқыс жағдай бұдан бір күн бұрын тіркелген. Әуе компаниясының мәліметінше, КС7375 Астана-Ақтау рейсінің ұшағы ауа райына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болған.

8 мамыр күні сағат 23:30-да КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 9 мамыр сағат 06:40-та қайта ұшады. Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар Flyarystan қосымшасында және Flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады, - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі жарияланған хабарламада.

Кейін белгілі болған дерек бойынша, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын уақытқа 2 рет телефон соғу мүмкіндігі немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігін қарастырған. Сонымен қатар, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде жағдайда жолаушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға