Астана әлемнің қай қалаларына ұқсайды? Елордадағы ерекше нысандар

Астана әлемнің қай қалаларына ұқсайды? Елордадағы ерекше нысандар
Фото: AI көмегімен жасалды

Елорда көшелерінен Париждегі Триумф аркасын, Эйфель мұнарасын, Нью-Йорктегі әйгілі көпірлерді немесе Мәскеудегі зәулім ғимараттарды еске түсіретін нысандарды кездестіруге болады. Олардың барлығы әлемдегі түпнұсқалардың көшірмесі емес. El.kz фоторепортажында Астанадағы осындай нысандарды жинадық.

Мәскеудің Үлкен театры мен «Астана Опера»

Мәскеудегі Мемлекеттік академиялық Үлкен театр мен Астанадағы «Астана Опера» сыртқы келбеті жағынан бір-бірін еске түсіреді. Екі ғимарат та классикалық театр архитектурасына тән монументалды фасады, биік колонналары, кең баспалдақтары және сәнді интерьерімен ерекшеленеді.

Үлкен театр – Мәскеудің тарихи символдарының бірі. Оның тарихы XVIII ғасырдан басталады. Театрдың тарихи сахнасы Театр алаңында орналасқан және қазіргі ғимарат бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Ғимараттың классикалық фасадындағы сегіз колонна мен оның үстіндегі ат жегілген Аполлон квадригасы – театрдың ең танымал сәулеттік белгілерінің бірі.

Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театры, Мәскеу / Фото: Pinterest

Ал «Астана Опера» әлдеқайда жас. Театр 2013 жылы ашылған. Ол әлемдік классикалық сәулет дәстүрлерін негізге ала отырып салынған, сонымен бірге ғимараттың архитектурасында қазақтың ұлттық нақышына ерекше мән берілген. Театрдың Үлкен залы 1250 көрерменге, Камералық залы 250 көрерменге арналған.

Екі театрдың басты ұқсастығы – классикалық сәулетке сүйенуі. Кең баспалдақ, биік колонналар, симметриялы композиция және салтанатты фасад екі ғимаратқа да театрға тән ерекше мәртебе береді.

Дегенмен «Астана Опера» тек еуропалық архитектураны қайталамайды. Оның сәулетінде классикалық элементтермен қатар қазақ мәдениетінің ерекшеліктері үйлескен. Ал сахнасында әлемдік опера мен балет классикасымен бірге қазақ композиторларының шығармалары да қойылады.

Астана опера / Фото: El.kz
Астана опера / Фото: El.kz

Лондондағы Big Ben 

Лондонның ең танымал символдарының бірі – Big Ben. Көпшілік сағат мұнарасының өзін Big Ben деп атайды. Негізінде Big Ben – мұнарадағы алып қоңыраудың атауы, ал мұнараның қазіргі ресми атауы – Elizabeth Tower.

Мұнара Ұлыбритания парламенті орналасқан Вестминстер сарайының құрамына кіреді. Оның құрылысы XIX ғасырда, 1834 жылы ескі парламент ғимараты өрттен кейін қайта салынған кезде басталған. Сағат 1859 жылы алғаш рет іске қосылған. Мұнараның биіктігі шамамен 96 метр.

Big Ben-нің ерекшелігі – төрт қапталындағы үлкен сағат циферблаттары. Әр циферблаттың диаметрі шамамен 7 метр. Мұнараның готикалық стилі Лондонның тарихи келбетінің ажырамас бөлігіне айналған.

Астанадағы заманауи ғимараттардың арасында да Big Ben-ді еске түсіретін сағат мұнаралары мен классикалық стильдегі нысандар кездеседі. Алайда оларды Лондондағы мұнараның нақты көшірмесі деуге болмайды.

 Big Ben, Лондон, Ұлыбритания / Фото: Pinterest
 Big Ben, Лондон, Ұлыбритания / Фото: Pinterest
"Лондон" тұрғын үй кешені. Астана / Фото: El.kz
"Лондон" тұрғын үй кешені. Астана / Фото: El.kz

Мәскеудің сәулеттік символы

Мәскеудегі Воробьев тауларында орналасқан М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басты ғимараты – қаладағы ең танымал сәулет нысандарының бірі. Ол 1949-1953 жылдары салынып, Мәскеудің әйгілі «сталиндік биік ғимараттарының» ең ірісі саналады.

Ғимараттың биіктігі шпилін қоса есептегенде шамамен 240 метр, ал орталық бөлігі 36 қабаттан тұрады. Құрылысқа Лев Руднев бастаған сәулетшілер тобы қатысқан. Ғимараттың қасбетіндегі мүсіндік безендірулерге Вера Мухина шеберханасы атсалысқан. Ведомости

Ғимараттың ең танымал белгісі – биік орталық мұнарасы, оның төбесіндегі алтын түсті жұлдызы бар ұзын шпиль, сондай-ақ екі жаққа симметриялы тарайтын қанаттары. Осы композиция ғимаратқа монументалды әрі салтанатты сипат береді.

Бастапқы жобада ғимаратты Воробьев тауларының дәл шетіне орналастыру жоспарланған. Алайда жердің опырылу қаупіне байланысты жоба өзгертіліп, ғимарат таудың шетінен шамамен 800 метр ішкері салынған. Мұндай күрделі геологиялық жағдайда құрылыс жүргізу үшін арнайы инженерлік шешімдер қолданылған.

Басты ғимарат университеттің оқу және ғылыми орталығы ғана емес, ұзақ уақыт бойы Мәскеудің ең биік ғимараты болды. 1953 жылдан 1990 жылға дейін ол Еуропадағы ең биік ғимарат саналған.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басты ғимараты, Мәскеу / Фото: Pinterest
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басты ғимараты, Мәскеу / Фото: Pinterest

 

«Триумф Арка» тұрғын үй кешені, Астана / Фото: Pinterest

Париждегі Триумф аркасы – «Мәңгілік Ел» аркасы

Париждегі Триумф аркасы – Франция астанасының басты символдарының бірі. Ескерткішті Наполеон І 1806 жылы Ұлы армиясының құрметіне салдыруға бұйрық берген. Құрылыс жұмыстары саяси өзгерістерге байланысты бірнеше рет тоқтап, тек 1836 жылы аяқталған.

Триумф аркасы, Париж, Франция / Фото: Pinterest
Триумф аркасы, Париж, Франция / Фото: Pinterest
Триумфальная арка «Мәңгілік Ел», Астана / Фото: El.kz
Триумфальная арка «Мәңгілік Ел», Астана / Фото: El.kz

Ал Астанадағы «Мәңгілік Ел» триумф аркасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынған. Екі нысанның көзге бірден түсетін ұқсастығы – ортасындағы үлкен арка.

Алайда олардың мазмұны бөлек. Париждегі арка әскери тарихпен байланысты болса, Астанадағы нысан елдің тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарын бейнелейді.

Central Park – Астананың жасыл кеңістіктері

Нью-Йорктің Central Park-ы – мегаполистің дәл ортасындағы алып жасыл аумақ. Саябақ қаланың биік ғимараттарымен қоршалып, табиғат пен урбанистік ортаның ерекше үйлесімін қалыптастырады.

Астананың Орталық саябағы мен Ботаникалық бағы да осындай контраст тудырады: бір жағында заманауи ғимараттар болса, екінші жағында ағаштар, тоғандар мен серуендеуге арналған кеңістіктер орналасқан.

Орталық саябақ, Нью-Йорк, Манхэттен зәулім ғимараттарының көрінісі / Фото: Pinterest
Орталық саябақ, Нью-Йорк, Манхэттен зәулім ғимараттарының көрінісі / Фото: Pinterest

 

Ботаникалық бақ, Астана / Фото: El.kz
Ботаникалық бақ, Астана / Фото: El.kz

Эйфель мұнарасы – Астанадағы шағын нұсқа

Париждегі Эйфель мұнарасы 1889 жылғы Дүниежүзілік көрмеге арналып салынған. Құрылысы небәрі 2 жыл 2 ай 5 күнге созылған. Мұнараның жобасында 18 мыңнан астам металл бөлшек пен шамамен 2,5 миллион тойтарма қолданылған.

Бастапқыда мұнара уақытша нысан ретінде қарастырылған. Алайда кейін Париждің басты символына айналды. Бір қызығы, 1889 жылы оның түсі қазіргіге ұқсамай, қызыл болған.

Астанада Париждегі мұнараны еске түсіретін шағын нұсқасы бар. Көлемі түпнұсқамен салыстыруға келмегенімен, темір конструкциясы мен жалпы силуэті Эйфель мұнарасын бірден еске түсіреді.

Эйфель мұнарасы, Париж, Франция / Фото: Pinterest
Эйфель мұнарасы, Париж, Франция / Фото: Pinterest

 

Астанадағы Эйфель мұнарасының мини-көшірмесі / Фото: El.kz
Астанадағы Эйфель мұнарасының мини-көшірмесі / Фото: El.kz

Нью-Йорктегі Gapstow Bridge – Астанадағы тас көпір

Нью-Йорктің Central Park саябағындағы Gapstow Bridge – қаладағы танымал фотолокациялардың бірі.

Көпірдің тарихы XIX ғасырдан басталады. Алғашқы Gapstow Bridge 1874 жылы салынған және ағаш аркалардан тұрған. Алайда ауа райы мен пайдаланудан кейін ол 1896 жылы қазіргі тас нұсқасымен ауыстырылған. Жаңа көпірді Howard & Caudwell сәулет фирмасы жобалаған.

Астананың Орталық саябағындағы тас көпір де өзінің аркасы, тас фактурасы және су айдынының жанындағы орналасуымен Нью-Йорктегі Gapstow Bridge-ді еске түсіреді.

Гапстоу көпірі, Нью-Йорктегі Орталық саябақ / Фото: Pinterest
Гапстоу көпірі, Нью-Йорктегі Орталық саябақ / Фото: Pinterest
Орталық саябақ, Астана / Фото: El.kz
Орталық саябақ, Астана / Фото: El.kz

Мәскеу-Сити – Астананың «Северное сияниесі»

Мәскеудің Москва-Сити бизнес орталығы – Ресейдегі заманауи биік ғимараттар шоғырланған ең танымал орындардың бірі.

Астанадағы «Северное сияние» тұрғын үй кешені де биік мұнаралары мен шыны фасадтары арқылы елорданың заманауи келбетін қалыптастырады.

Ғимараттардың биіктігі, әйнекпен қапталған фасадтары және түнгі жарықтандырылуы Астананың көкжиегіне мегаполис сипатын береді.

«Москва-Сити», Мәскеу, Ресей / Фото: Pinterest
«Москва-Сити», Мәскеу, Ресей / Фото: Pinterest
«Северное сияние» тұрғын үй кешені, Астана / Фото: El.kz
«Северное сияние» тұрғын үй кешені, Астана / Фото: El.kz

Елорда салыстырмалы түрде жас қала болғандықтан, оның заманауи келбеті аз уақыт ішінде қалыптасты. Қала сәулетінде әлемдік архитектураның әртүрлі бағыттары қолданылды.

Сондықтан бір нысан Парижді, екіншісі Нью-Йоркті, тағы бірі Мәскеуді еске түсіруі мүмкін. Бірақ бұл Астана басқа қалалардың көшірмесі деген сөз емес.

Керісінше, әлемдік архитектуралық идеялар Астананың өзіндік стилімен араласып кеткен. Бұған Бәйтерек, Хан Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Нұр Әлем» сияқты әлемнің басқа қалаларында баламасы жоқ нысандар дәлел.

Оқи отырыңыз