Жаңалықтар

Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады

Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады
Фото: El.kz 27.02.2023 20:18 965

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Достар, өздеріңіз білетіндей қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады. Мен үлескерлермен үнемі кездесіп тұрамын. Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері", - деп жазды әкім.

Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы.

"Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды. Сол сияқты "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша сұрақтар қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға