Жаңалықтар

Астана әкімі өртенген тұрғын үйді қалыпқа келтіруге сөз берді

Астана әкімі өртенген тұрғын үйді қалыпқа келтіруге сөз берді
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 23.06.2024 15:42 422

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өрт болған көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшысының айтуынша, өрт салдарын жою бойынша комиссия құрылады.

«Rixos Khan Shatyr Residences» ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз.

Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз, - деді әкім.

Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға