Жаңалықтар

Астана әкімі Александр Руденконың отбасына көңіл айтты

Астана әкімі Александр Руденконың отбасына көңіл айтты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 03.08.2023 18:18 1026

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өзге біреуді құтқарамын деп өз өмірін қиған Александр Руденконың отбасына барып, көңіл айтқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Щучье көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалу үшін өз өмірін қиған педагог Руденко Александр Ивановичтің отбасында болдым. Мемлекет басшысының атынан оның отбасына ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс еттім.

Александр Ивановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Александр Иванович ұлағатты ұстаз, өз ісінің білікті маманы еді, елордадағы №32 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Ол – біздің қаһарманымыз, оның сын сәттегі батылдығы мен жанқиярлық ерлігі мәңгілік есімізде сақталады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға