Жаңалықтар

Асқабақтың қандай пайдасы бар: 7 ғылыми дәлел

Асқабақтың қандай пайдасы бар: 7 ғылыми дәлел
Фото: © Pixabay.com 18.12.2023 11:44 3416

Асқабақ басқа жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда адам денсаулығына өте пайдалы.

1. А дәрумені көп

Асқабақ дәлірек айтқанда ағзаға түсіп, А дәруменіне айналатын өсімдік пигменті бета-каротинге бай. Бета-каротин асқабақты тоқсары түске бояйды. А дәруменін біздің ағзамыз өздігінен өндіре алмайды, ол тек жеген тамағымыз арқылы организмімізге келіп түседі. Егер бұл дәрумен ағзада жеткіліксіз болса, денсаулығымыз сыр бере бастайды. Атап айтар болсақ, көздің көруі нашарлайды, иммунитет төмендейді, сүйектен бастап миға дейін түрлі тіндердің өсуі мен жаңаруы бәсеңдейді. Асқабақ бета-каротиннің көп мөлшерінің арқасында дәрумен жетіспеушілігінің алдын алады. Күнделікті норманы алу үшін 300 г асқабақ жесеңіз жеткілікті.

2. Асқабақ түрлі қоректік нәруыздарға бай

Шектен тыс көп А дәруменінен бөлек, асқабақта:

- ақуыз;

- көмірсулар, нақтырақ айтқанда жасұнық;

- С,Е, В2 (рибофлавин);

- минералдар (калий, бал, темір, магний, цинк) бар.

Ал зиянды майлар, холестерин мен натрий (жүрек пен буын, бүйрек пен асқазан және түрлі ағзаларға кері әсер ететін)  мүлде жоқ.

3. Асқабақпен тез арықтауға болады

Асқабақтың  94%-ы су. Бұл өте аз калория деген сөз, яғни  100 г асқабақта 20 ккал бар. Оның көбі жасұнық арқылы келеді. Ал жасұнық асқазан ішек жолдарына түсіп, суды сіңіріп, көлемін үлкейтіп, сізге ұзақ уақыт тоқтық сезімін сыйлайды. Сол себепті, асқабақ аз калория қалайтын, ұзақ тоқ болып жүргісі келетіндерге таптырмас азық.

4. Асқабақта антиоксидант көп

Антиоксиданттар —дене жасушаларын еркін радикалдардан қорғайды.  Еркін радикалдар тез қартаюға, созылмалы қабынуларға, жасушалардың мутациясына, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларына, мидағы бұзылыстарға, рак ауруына ұшыратады. Асқабақта альфа, бета-каротин, бета-криптоксантин және басқа да антиоксиданттар бар, олар ілгерідегі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

5. Асқабақ жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтады

Бұндай эффект асқабақтағы калий, С дәурмені, жасұнық пен антиоксиаднттардың арқасында болады. Бұл аталғандар жүрек пен тамырлардың қалыпты жұмыс істеуіне ауадай қажет.

6. Көздің көруін қалыпты ұстайды

А дәрумені көзге көп пайдалы екенін ілгеріде айттық. Одан бөлек көздің жақсы көруін қамтамасыз ететін түрлі қоректік нәруыздар бар. Асқабақ лютеин мен зеаксантиннің қайнар көзі. Зерттеулер көрсеткендей, бұлар катаракта мен сары дақтың дегенерациясының алдын алады.

7. Теріні жақсартып, ерте қартаюдан сақтайды

Бета-каротин ультракүлкін сәулесінен сақтайды. Коллаген өндіретін С дәрумені жарақаттан кейін терінің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Қандай адамдарға асқабақ жеуге болмайды:

- eгер сіз А дәруменін қабылдап жүрсеңіз, асқабақты жеуге асықпаңыз. Артық дәрумен бауырды бүлдіріп, бүйрекке зиянын тигізіп, остеопорозға алып келуі мүмкін.

- aсқабақты жеген соң, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, теріңізде қызыл дақтар пайда болса, қышынсаңыз, көкөністерге деген аллергияңыз бар болуы ықтимал.

- cіз егер құрамында лития бар дәрілерді ұзақ уақыттан бері ішіп жүрсеңіз, асқабақ дәрінің ағзаға сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.

- қант диабетімен ауырсаңыз асқабақты азырақ пайдаланыңыз, себебі ол қандағы қант мөлшерін көбейтіп жібереді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға