Жаңалықтар

Әскерилер жүзден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Әскерилер жүзден астам адамды қар құрсауынан құтқарды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 18.02.2024 22:28 418

Шығыс Қазақстандағы 68303 әскери бөлімі авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын сәтті жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскерилер қар құрсауында қалған 120 адамды, оның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Сондай-ақ, Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына және Боғас учаскесіне дейінгі бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға барлығы 25 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға