Жаңалықтар

Әскерилер ашқан қылмыстар жайлы тұңғыш кітап жарыққа шықты

Әскерилер ашқан қылмыстар жайлы тұңғыш кітап жарыққа шықты
Фото: semeynews.kz 22.01.2023 11:45 1198

Семей қаласында «Әскери-тергеу құқықтық тәртіп күзетінде» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери тергеу басқармасының ақпараты бойынша, бұл кітап - Қазақстан Республикасының әскери-тергеу саласы жайында жарық көрген алғашқы туынды.

Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, әскери бөлім командирлері мен ардагерлерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада қызметте үздік деп танылған офицерлерге ҚР ІІМ бұйрығымен арнайы төсбелгілер табысталды.

Кітаптың ең соңғы әрі маңызды бөлігі «Ашылған қылмыстар хроникасы» деп аталады. Онда жедел уәкілдер мен әскери тергеушілердің қылмыстарды ашудағы табандылығы мен қырағылықтары туралы баяндалған. Алдағы уақытта осы соңғы бөлігін тағы да жинақтап, бөлек кітап ретінде шығару жоспаланып отыр - дейді «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Кітапты жазуға арнайы шығармашылық топ құрылып, оған «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасында қызмет еткен ардагерлер және қазіргі таңда қызмет етіп жүрген офицерлер мен сержанттар тарихи деректерді, ардагерлер мен қызметте жүрген офицерлер жайлы ақпараттарды ұсынып, ашылған түрлі қылмыстар бойынша кеңесшілік еткен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға