Жаңалықтар

Әскери қызметшілердің бітімгершілік миссияға дайындығы қандай

Әскери қызметшілердің бітімгершілік миссияға дайындығы қандай
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.01.2024 12:00 1184

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы күн тәртібінде қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызиметшілерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша Мемлекет басшысының ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Біздің контингентін бітімгершілік миссияларына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуыға үлкен үлес қосып қана қоймай, Қазақстанның жаһандық аренадағы рөлін айтарлықтай арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, – деді мәжілісмен.

Депутат Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан «Ұлттық контингенттің әскери қызметшілеріне қандай тапсырмалар қойылады? Қазақстан әскери қызметшілерінің бітімгершілік миссияға қатысуға және қойылатын тапсырмаларды орындауға даярлығы қандай?» деп сұрақ қойды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутаттың сауалына бітімгерлікке жіберілуі мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін арттыратынын және оған бір жылға толық оқудан өткен кәсіби әскери қызметкерлер жіберілетінін атап өтті.

Сонымен қатар моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, тәртібі, жеке дайындық деңгейі, тілді білуі де ескерілгенін айтты.

Айта кетейік, еліміздің әскерилері Палестина мен Израиль арасындағы бітімге келу шарттарының орындалуын байқау, Оңтүстік Судан республикасындағы және Судандағы Абей ауданының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін жіберіліп отырғанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға