Жаңалықтар

Әскери қызметшілер қарт майдангерді 99 жасымен құттықтады

Әскери қызметшілер қарт майдангерді 99 жасымен құттықтады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 30.03.2023 09:15 579

Алматыда  Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Зинченконы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Майдангер 1924 жылы 29 наурызда дүниеге келген. Василий Иванович 17 жасында барлаушылар мектебіне қабылданады. Арнайы дайындықтан өтіп, қажетті дағдыларды игерген соң майданға аттанады. 

Ол Сталинградты азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Ардагердің өмірбаянындағы назар аударарлық тағы бір дерек, оның тұтқынға түскен фельдмаршал Фридрих Паулюсты айдауыл боп алып жүргені. 

Василий Зинченко «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған.

Сталинград шайқасы кезінде ол бөлімше басқарды. Василий Иванович немістің әскери қолбасшысы Паулюспен кездесуін күні кеше болғандай есіне алады. 

Майдангер Жеңісті Германия астанасында қарсы алады. Соғыстан кейін Алматының Түрксіб ауданындағы Шемякин көшесіндегі туған үйіне оралып, отбасымен қауышады.

Жассарбаздықтар мен әскери қызметшілер ардагер барлаушының жастар үлгі аларлық әңгімесін мұқият тыңдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға