Жаңалықтар

Әскери полицияда тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды

Әскери полицияда тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды
Фото: gov.kz 28.02.2023 14:55 733

Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің "Әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен өту және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жаңартылған жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл нормативтік құқықтық құжат Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полиция органдарына әскери қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен өту және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 13 наурызына дейін танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға