Жаңалықтар

Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты

Әскери қызметшілер Отанға адал болуға ант берді
Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 22.01.2023 03:40 1270

Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондарының әскери полиция басқармаларында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Отанға адал болуға ант берді.

Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты

Әскери ант қабылдаған сарбаздарды Қарулы күштер Әскери полициясы бас басқармасының басшылығы, ардагерлер мен ата-аналар құттықтады.

Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жас жауынгер курсынан өтіп, әскерде қызмет ету үшін базалық білім алды.

Шара соңында ата-аналар мен қонақтар үшін әскери бөлімнің аумағына экскурсия ұйымдастырылып, оларды қызмет шарттарымен таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға