Жаңалықтар

Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру бұйрығы әзірленді

Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру бұйрығы әзірленді
Фото: yandex.kz 30.01.2023 13:44 2101

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33 бабы 1-тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.

Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұратынын айта кетелік. Жалпы жиын 30 күнге созылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14395424

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға