Жаңалықтар

Әскерден жалтару үшін 200 қазақстандық Ресейге қашқан

Әскерден жалтару үшін 200 қазақстандық Ресейге қашқан
Фото: ҚР ҚМ 18.04.2023 15:40 649

Әскерден жалтару үшін Ресейге қашқан қазақстандықтарды жаза күтіп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев әскерден жалтару үшін 200 қазақстандықтың Ресейге қашып кеткенін растады. Олардың 120-сы студент екен.

Қазір Қорғаныс министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Заңнама бар және ол барлығына ортақ. Негіз болса, онда шақырту кейінге қалдырылады. Ал қалғандары әскерден жалтарған болып есептеледі. Оларды Қазақстанға оралуға мәжбүрлей алмаймыз, - деді Қазиев.

Ескере кететін жайт, әскерден жалтарғандарға 1000 АЕК, яғни 3,45 млн теңге айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Бұған дейін үш жылда 300-ге жуық әскери қызметкердің көз жұмғаны туралы хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға