Жаңалықтар

Әскерден қашқан қазақстандықтар шетелге көшіп жатыр ма?

Әскерден қашқан қазақстандықтар шетелге көшіп жатыр ма?
Фото: © ОКҚ 08.09.2023 14:49 3299

Бұл сауалға Қарулы күштер өкілі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көктемгі әскерге шақырту кезінде Отан алдындағы борышын өтеуден қашқан қазақстандықтар көрші елге көшіп жатыр деген ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде таралған мәліметке сәйкес, бұл, әсіресе, еліміздің солтүстік өңірлерінде көп тіркелген. Қазір күзгі шақыру басталды. Әскерден қашып, шетелге көшкен қазақстандықтардың статистикасы қандай? Осы сұраққа ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсимов жауап берді.

Көктемгі әскерге шақырту жоспарлағанымыздай өтті. Ең басты проблема – азаматтардың денсаулығының талапқа сай болмауы. Жалпы алғанда, көктемгі шақырту кезінде еш проблема туындаған жоқ, - деп ақпаратты теріске шығарды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға