Жаңалықтар

«Әсіре белсенділер бар». Тоқаев әкімдерді сынайтын блогерлер жайлы айтты

«Әсіре белсенділер бар». Тоқаев әкімдерді сынайтын блогерлер жайлы айтты
Фото: Ақорда 03.10.2024 11:51 709

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді сынауда артық кететін белсенділерге тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, ондай адамдар әкімдерге өз жұмысын лайықты атқаруға кедергі келтіретінін қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашан да жоғары. Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдер халықпен ашық диалогқа дайын болуы қажеттігін де ескерттіү  

Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру. Мәслихат депутаттарының жұмысындағы басым бағыттарға қатысты менің пайымым осындай, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға